БЕРЛИН. ТАСС-ҚазАқпарат – Германиялық BioNTech компаниясы мен оның америкалық әріптесі Pfizer өндірген 5-11 жас аралығындағы балаларға арналған коронавирусқа қарсы вакцина бірнеше аптаның ішінде пайдалануға берілуі мүмкін. Бұл туралы Der Spiegel басылымына жұма күні BioNTech медициналық зерттеулер жөніндегі директоры Өзлем Тюречи мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.