Пірәдардың құпиясы
Бауырым, сен біліп ал: біздің ауылда жастар аса сақтықпен, қулықпен тәрбиеленеді.
Айталық: бір бозбала бұлғақтап, ыржақтап бұзыла бастады делік, — дереу құлағын тұндырып тұрып ұрсу керек. Оныңа болмаса, — сілікпесін шығарып сабап ал. Онда да болмаса, — ол есекті сүйреп солдатқа бер. Әскерден де оңбай келсе, ол әумесерді үйлендір. Онда да ақылы кірмесе, — құйрыққа қайқайта бір теуіп, ауылдан қуып таста. Басқа амал жоқ. Миғұланы өскен ұясынан сөйтіп сандалтып айдап жіберсең, ол басқа ауылға мүлде басқа кісі боп барады. Жарық дүниеге қайта келгендей өзгеріп сала береді!
Ата-бабаларымыз айтқан ғой: «Қолда өскен бураның тайлақ аты қалмайды» деп. Жаны бар сөз. Өз...