Біз неге нашар дамудамыз
Американың қайырымды «Джарт Қорынан» тегін көмек алған американдық бір топ экономистер алыс сапарларға аттанды. Көрнекті экономистер нашар дамыған елдерде болып, олардың неге нашар дамығанын зерттеп білмекші ниетте. Ә дегенде: «артта қалған елдерді зерттеуге шықтың» десті олар. Одан соң, «артта қалған» деген сөзді «нашар дамыған» деп өзгерте қойды. «Артта қалған» дегеніміз халықаралық сыпайыгершілікке сай келмей жүрер және дамып келе жатқан елдердің намысына тиіп жүрер деп пайымдады.
Қордың тапсырмасымен Түркияға экономика профессоры Чарльз Уити мырза жүріп кетті. Оның жұмысын жеңілдету үшін Түркияда кімнен, қандай мағлұмат алу керектігін оған күні бұрын айтып берілді.
Чарльз мырза барған бетте экономика саласының саңлағы Сытқы баймен сұхбаттасуға...