Жиі-жиі келіп тұрыңыз!..
Дүйім жұртқа белгілі бір жазушы жақында өзінің алпыс жасқа толғанын тойлады. Ал оқырман қауым оның жасын алпыстан әлдеқайда үлкен дейді. Сірә, атақ-даңқ адамды ерте егде тартқызып, елге қартайтып көрсететін шығар, оған алда жасар жасынан ептеп үлес беріп те қоятын шығар.
Ол ол ма, атақты жазушыларды қарт деумен қатар, оларды шындығынан асыра шылқыған бай деп ойлайтын да әдет бар. Болмағанда ше?! Ақшасыз атақ шыға ма?! Кім сенеді оған?! Оның үйі дүние-мүлікке толы ғой! Мебеліне, мысалы, атты кісі түсіп, жаяу кісі жатып қарайтын болар!..
Мен әңгіме етіп отырған жазушыны өзі айтқан жасынан көп үлкен деуге негіз бар да еді. Өйткені, алай-дүлей өмір...