Шайың қоюырақ болсын!
Өздері бірінші дүниежүзілік соғыста жарыққа келіп, жастың шақтарын екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында өткізген менің құрбы-құрдастарымның бәрінде дерлік бір қызың мінез бар. Ол мінез қазіргі қайсы біреулеріңізге тіпті ерсі боп көрінуі де мүмкін. Жә, менің құрдастарымның көпшілігі көшеде келе жатып, өз-өзінен күбірлейді, жымияды, көзін қысады, иығын қужыңдатады.
Ал менің ерсі мінезім — шайқорлық... Күніне жиырма-отыз кесе шай ішпесем жүре алмаймын.
Менде басқа да ерсі мінездер бар, бірақ сіздерге олардың ішінен осы ең сыпайысын ғана әңгімелеп берейін, басқасын сіздер тұрғай өзіме де айта қоймаймын.
Менің шайқор болуымның мынадай себебі бар. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қылаяғы қияқ ұнынан пісірген нанның өзі тапшы еді...