Орныңды таба біл
Махмұд сұлтанға қызметшісі:
— Әміршім, бір кісі келіп тұр, мен пайғамбармын дейді, — деп мәлімдеді.
— Алып келгін! — деп бұйырды сұлтан.
Пайғамбармын дегенді алып келісті: жалаң аяқ, жалаң бас, үсті-басы алба-жұлба, бет-ауызы қотыр-қотыр, өзі аштан бұралған біреу.
— Алып кетіңдер. Бал беріп, май, жаңғақ, жүзім, өрік-мейіз, самса беріп қырық күн күтіңдер! — деп бұйырды сұлтан.
Қырық күннен кейін сұлтан оны қайтадан алдырды:
— Иә, сен әлі де пайғамбарсың ба? — деп сұрады одан.
— Әлбетте...
— Жарайды. Пайғамбарлар тәңірмен тілдеседі. Сен тілдесе алдың ба?
— Тілдестім. Жебірейіл арқылы.
— Алла саған Жебірейіл арқылы не айтыпты?
— Алла маған: «Сен...