НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы неге үнемі өзге өңірлерден ерекше «жасыл» аймақта тұрады? ПТР тест нәтижесі мен ауру көрсеткішін жасырып отырған жоқсыздар ма? Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовқа осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.