Кеңірдегіңді аяма!
Қара жолдың қаң үстінде екі кісі қырғын төбелес салып жүр, біреуі мылқау сияқты, екіншісі жер-көкті күңірентіп барқырап жүр. Халық екеуін қаумалап алған. Әлдекім тұрып:
— Төбелестің көркі — айқай. Кеңірдегің қып-қызыл ет боп кеткенше айқайлау керек... — деді.
Төбелестің бүге-шігесін түгел білетін бұл кім деп оған қарап едім, — шынашақтай ғана шидиген біреу екен.
— Мен білем ғой, — деп қойды ол.
Екеуміз төбелескендерді қаумалағандардың қалың ортасынан жырылып қатар шықтық. Ол сөз бастады:
— Қиырдағы қалашықта жұмыс істеп жүрген кезімде бір жылы демалысымды Стамбулда өткіздім. Бір жылда өйтіп-бүйтіп екі мың теңгеден астам ақша жинап алғанмын. Демалысым біте бергенде бір бикешпен...