Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2021

"Бос сөзге сенбеңіздер". Әлем чемпионы көз арбасу рәсімінде Канеломен төбелес себебін айтты

0

IBF нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Калеб Плант WBC, WBA Super және WBO титулдарының иегері мексикалық Сауль Канело Альвареспен болған төбелестін жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сілтеме жасап.

Оқиға 6 қарашада абсолютті чемпион атағы үшін өтетін жекпе-жек кешіне арналған баспасөз мәслихатында болды. 

Канелоның айтуынша, мұның бәрі америкалықтың анасын қорлауынан басталған. Алайда, Плант оның айтқаны өтірік екенін, жекпе-жектің нақты себебі басқада екенін айтты.

"Біз жай ғана көз арбасу сәтінде болғанбыз. Кенеттен күтпеген жағдай болды. Бірақ мен бұл туралы ойламаймын, мен бар назарымды 6 қарашаға  аударамын. Менің анамды екі жыл бұрын полиция қызметкері атып өлтірген. Осылай бола тұра мен қалай біреудің анасына тіл тигізе аламын? Мен біреуден: "Ақымақ, сенің анаңды полиция қызметкерлері өлтірген жоқ па? деген сөзді естімес үшін мен ешкімнің анасына тиіспеймін. Сіздер менің біреудің анасы, балалары немесе әйелі туралы жаман сөйлегенімді ешқашан естімейсіздер. Ер адамдар соғысқа кеткенде әйелдері мен балаларын үйде қалдырады.

Қандай жағдайда да айтылғандарға сенбеңіздер. Шындық мынада, ол катушкадан ұшып кетті, өйткені ол өзінен қорықпайтын және онымен тек чек үшін рингке шықпайтын адамды кездестірді. Оның мені осыны мойындай алмай тұр", - деп жазды Плант Твиттерде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Российская теннисистка Касаткина вылетела из топ-10 рейтинга WTA






Врачи Склифосовского спасли пациентку с ожогами на 60% тела

Пенсионера избили и ограбили в лифте в Краснодаре

Назвали девять опций, которые стерли границу между классами «комфорт+» и «бизнес»

Этим водителям грозит новый штраф до 30 тысяч рублей