Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2021

Жамбылдағы жарылысқа байланысты "жалған ақпарат" бойынша қозғалған іс тоқтатылады

0
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде тараған ақпаратқа байланысты қозғалған қылмыстық іс "қылмыс құрамы болмағандықтан" тоқтатылады. Бұл туралы облыстық полицияның баспасөз хатшысы міндетін атқарушы Бегман Құтмырзаев хабарлады. 


"Қылмыстық құрамы жоқ болғандықтан тоқтатылады. Бірақ әзірге базаға енгізілген жоқ. Енген кезде істің тоқтағаны жөнінде ресми түрде хабарлаймыз" деді ол Азаттық тілшісіне.


Бұған дейін Жамбыл полициясы тамыздың соңында әскери қоймада болған жарылыс кезінде тараған ақпаратқа байланысты "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлаған. Куә ретінде Turaninfo.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Исламбек Дастан, ал қорғануға құқығы бар куә ретінде 7 арнаның тілшісі Данияр Әлімқұл шақырылған. 


Әлеуметтік желіде жарылыстан ақпарат таратып, кәсіби міндетін атқарған журналистердің тергелуіне қолданушылар ашулы реакция білдірген. Кейбір ақпаратқа қарағанда, журналист "бір кәсіпкердің үйінде үйіліп жатқан снарядтар маңынан" ақпарат таратқан. Іске осы жайт түрткі болуы мүмкін. 


Оқиғаға реакция білдірген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Азаттыққа "мәселе неден туындады, не үшін оны жауапқа тартып жатқанын анықтаймыз, көмек көрсетеміз" деген еді. 


26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданының әскери бөліміндегі қоймада оқ-дәрілер жарылып, арты өртке ұласқан. Жарылыстан кейін әскери қоймаға жақын ауылдардан жүздеген адам эвакуацияланған. 17 адам қаза тапты. Олардың 10-ы - азаматтық қорғаныс, алтауы – қорғаныс министрлігі, біреуі – әскери прокуратура қызметкері. Тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 462-бабы ("Қару-жарақ, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғалған.


Видео: Тараздағы жарылыстан соң қылмыстық іс қозғалып, журналистер тергелді (16 қыркүйек 2021 жыл). 




 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Анастасия Павлюченкова

Павлюченкова назвала говном мячи на турнире в Абу-Даби






В Подмосковье сотрудники Росгвардии почтили память Героев Сталинградской битвы

В Подмосковье упал легкомоторный самолет

Продюсер "Три дня дождя" Слэм: солист группы лечится в рехабе из-за депрессии

В Подмосковье сотрудники Росгвардии почтили память Героев Сталинградской битвы