Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2021

Қазақстандықтарға жаңа тұрғын тіркелгені туралы SMS келеді

0

Енді Қазақстанда азаматтарды тіркегеннен кейін үйдің иесіне өзі тіркелген адамның деректері жазылған SMS келеді. Егер үй иесі біреуді тіркеуден шығарғысы келсе,  тіркеуден шығарылған адамға да хабарлама жіберіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы енгізді. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, SMS-хабарламалар бөтен адамдар азаматтардың өмір сүру кеңістігіне жасырын тіркелген кезде мәселені шешеді.

"Қазақстандықтардан біреулер бейтаныс адамдарды менің үйіме тіркеуге қойыпты деген сарындағы хаттарды жиі жазады. Жаңа сервис осы мәселені шешеді. Егер біреу сіздің рұқсатынсыз ХҚКО арқылы сіздің тұрғын үйіңізге адамды тіркеуге тырысса, сіз бұл туралы SMS-хабарламаның арқасында бірден біле аласыз. Бұл қызмет ақша үшін тіркеуді ұсынатын делдалдарға қарсы күресте көмектеседі",-деді баспасөз қызметі Бағдат Мусинге сілтеме жасап.

2019 жылдан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы азаматтарды тіркеуді ресімдеуге мүмкіндік алды. Бұған дейін бұл қызметті ХҚКО-да орналасқан көші-қон қызметінің қызметкерлері көрсеткен болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Зарина Дияс

Сенсацией обернулся матч Зарины Дияс за четвертьфинал турнира в Мумбаи






Минтранс заявил о планах возобновить прямые перелеты между РФ и Абхазией в мае

Сына миллиардера Аблитарова, сооснователя марки водки "Белуга", приговорили к тюремному сроку

В Подмосковье сотрудники Росгвардии почтили память Героев Сталинградской битвы

МИД Великобритании лишил аккредитации дипломата из России