Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2021

Алматы бассейніндегі балалардың улануы: оқиғаның мән-жайы айтылды

0

Балалар уланған Алматыдағы бассейн әкімшілігі оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бассейн әкімшілігі суды тазартудың автоматтандырылған жүйесі жұмысында ақау болғанын айтты.

"Бізде суды хлормен автоматты дезинфекциялау жүйесі істен шықты. Сол кезде синхронды жүзумен айналысатын қыздар тобы суда сабақ өткізіп жатқан. Бассейнде 17 адам болды, 5-10 минут ішінде жаттықтырушылар хлордың иісін сезген.
Балаларды бірден судан шығарып, олар жөтеле бастағандықтан жедел жәрдем шақырылды. Жеті баланы дәрігерлер тексеріп, ата-анасымен үйіне жіберді, ал қалған 10 қыз ауруханаға жеткізілді. 11-қыз топта оқымайды, бірақ зардап шеккендердің бірінің әпкесі және ол бірге келген. Олармен ауруханаған бапкер барған, ол "жеті баланың жағдайы орташа ауыр, тағы үшеуінің жағдайы жеңіл" екенін айтты", - деді бассейн желісінің менеджері Әлішер Нұрғожаев.

Сондай-ақ, ол дезинфекция жүйесіндегі ақау дереу анықталып, жойылғанын айтты. Әкімшілік мәліметінше, санитарлық қызмет кеше осы бассейнге тексеру жүргізген және ешқандай заңбұзушылық анықталмаған. Бассейн басшылығы барлық орталықтағы жабдықты тексеретінін айтты.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тергеуінің алдын ала мәліметіне сүйенсек, бассейн өкілінің айтуынша, бір апта бұрын құрылғы істен шығып, суды хлорлауға арналған жаңа қондырғы орнатылған.
Зертханалық зерттеулер үшін бассейннен су, ауаның өлшемдері алынған. 23 қыркүйекте синхронды жүзу тобына барған 14 бала тұншығу және жөтелге шағымданған 11 баланы жедел жәрдем бригадасы қалалық балалар клиникалық ауруханасының токсикология бөлімінің жедел жәрдем бөліміне жеткізді.
Бұған дейін Алматы бассейнінде 11 бала уланып қалғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Андрей Рублёв

Рублёв — о первом выходе в финал в сезоне: рад, что вернулся на свой уровень






В Финляндии высказались об открытии границы с Россией

В турнире по уличному хоккею в Подмосковье соревнуются команды Медийной хоккейной лиги

Велика спекулятивная составляющая. В Госдуме предложили проверить цены на жилье

В Новгородскую область придёт потепление