Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2021

Нұр-Сұлтанда егу пункттерінің бірі жабылды. Екінші компонентті қайдан алу керек?

0

Нұр-Сұлтандағы Mega Silk Way сауда орталығында қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакциналауға ұйымдастырылған егу пункті жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Егу пункті мұз айдыны аумағында, бірінші қабатта орналасқан. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мәліметінше, сауда және ойын-сауық орталығында жөндеу жұмыстары аяқталған соң, мұз айдыны қайтадан жұмысын бастайды.

"Қазіргі уақытта қала тұрғындарының 66 пайыздан астамы вакцинаның бірінші компонентін алды. Вакцинация сіздің денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағылардың да денсаулығын қорғайды.
Қазіргі уақытта қала бойынша сауда орлақытары және сауда үйінде 5 вакцинация пункті орналасқан: "Керуен" СОО, "Хан Шатыр", "Азия Парк", "Абу Даби Плаза" және "Евразия" СОО. Вакцинация пункттері медициналық мекемелерде де орналасқан. Барлығы 84 вакцинация пункті бар. Сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар да жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Әлеуметтік желілерде Mega Silk Way сауда және ойын-сауық орталығы өкілдері екпе пунктін кейінірек басқа жерден ашуды жоспарлап отырғаны айтылды. Алайда ашылу күні мен орны әлі белгісіз.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, Mega Silk Way-де бірінші компонентті салдырған тұрғындар екінші компонентті сауда орталығындағы немесе кез келген ашық екпе пункттерінде ала алады.

"Біз, әрине, тұрғындарға бірінші дозаны қайда алса, екінші дозаны да сол жерден алуға кеңес береміз. Бірақ бұл жағдайда және басқа жағдайда, бұл маңызды емес", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
WTA

Кудерметова вышла в четвертьфинал парного турнира WTA-1000






Ложный инвалид: обман вскрывается быстро, а штрафы за парковку разорят

Адвокат Винника указал на засекреченные маршруты перемещения заключенных в США

ПЯТИЧАСОВЫЕ ВИДЕОРОЛИКИ МОГУТ НАБИРАТЬ ОГРОМНУЮ ПОПУЛЯРНОСТЬ! Новости. В.В. Путин, Д.А. Медведев, Илон Маск, Дональд Трамп. Россия, США, Европа могут улучшить отношения и здоровье общества?!

Александр Козловский: С этого года в регионе стартует программа обновления детских садов