Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2021

Ақбұлақтағы атыс: Күдікті бұлтартпау шарасы бойынша сотты жабық өткізуді сұрады

0
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ақбұлақтағы атыс бойынша күдікті деп танылған Игорь Дужновқа бұлтартпау шарасын қолдану мәселесін қарап жатыр. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.


Informburo сайтының жазуынша, Игорь Дужнов пен адвокаттары сотты жабық өткізуді сұраған. Олар мұны күдікті мен оның отбасының қауіпсіздігімен байланыстырған.


Судья Жанәбіл Ақынов сотты жабық өткізу туралы өтінішті қанағаттандырмаған (Бірақ кейін судьяның журналистерге сотты бақылауға рұқсат бергенмен прокурордан рұқсат сұрауды міндеттегені хабарланды). Бұдан соң адвокат судьяны ауыстыру туралы өтініш түсірген.


"Не себепті осындай шешім қабылдағаныңызды түсінбеймін. Менің ойымша, сіз істің қаралуына тікелей, жанама түрде мүдделісіз. Осыған орай сізге қарсылық білдіремін" деді адвокат.


Судья Жанәбіл Ақынов адвокаттан өтінішті жазбаша беруді сұраған. Бұдан соң сот отырысы тоқтаған.


Прокурор Дужновты екі айға қамау туралы өтініш түсірген. Бұл мәселе судьяны ауыстыру туралы өтініштің жауабы белгілі болғаннан кейін қаралады.


Игорь Дужновтың адвокаты Дамир Хасанов Informburo сайтына "іс бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметіне берілді, істі солар тергейді. Қазір Дужнов тергеу изоляторында, шағымдары жоқ" деп айтқан.


Ашық дереккөздеріне қарағанда, 20 қыркүйекте Алматы түбіндегі Ақбұлақ ықшамауданында Игорь Дужнов үйден шығару туралы сот шешімін орындатуға келген сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторлары мен төтенше жағдай департаменті қызметкерлеріне оқ атқан. Атыстан бес адам - екі полиция қызметкері, бір сот орындаушы және үйдің жаңа иесі мен оның досы қаза болған. Оқиғаға байланысты "Адам өлтіру" және "Билік өкіліне күш қолдану" бабы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.


Қылмыстық кодексте "Адам өлтіру" бабы бойынша 15-20 жыл немесе өмірлік түрме жазасы қарастырылған.


Видео: Бес адам қаза болған атыстың анық-қанығы (21 қыркүйек 2021 жыл).




Дужновтың әйелі 22 қыркүйекте журналистерге "Банк Центр кредит" бес баласымен тұрып жатқан үйін бастапқы құнынан бес есеге төмендетіп сатып жібергенін айтқан. Ал оқиғадан кейін мәлімдеме таратқан банк отбасыны үйінен күштеп шығару туралы шешімге қатысы жоғын, даудың екі азамат арасында туындағанын айтқан.




 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Дарья Касаткина

Касаткина обыграла Кудерметову на турнире в Дохе, не проиграв ни гейма






Нефть дешевеет на фоне роста запасов сырой нефти в США

Тульские спортсменки завоевали "бронзу" на турнире по волейболу в Калуге

Жителей района Москворечье-Сабурово приглашают познакомиться с работами юных художников

Медведев назвал удары по Киеву концепцией «мира через силу»