Алматыда бассейнде оннан астам бала уланып, ауруханаға жеткізілді
Informburo сайтының жазуынша, 17 адамды дәрігер қарап, он баланы ауруханаға жеткізген. Олардың жағдайы орташа деп айтылады.
Жүзуге баулу кезінде 12 мен 14 жастағы балалар хлор буына уланған.
Әзірге толық емес ақпаратқа қарағанда, дозалау станциясынан ақау пайда болып, бассейнді тазалайтын "Эмовекс" сұйытылған хлорының мөлшері қалыпты нормадан асып кеткен.
Қазіргі кезде датчик ауыстырылған.
Оқиға орнында төтенше жағдай мамандары жұмыс істеп жатыр. Ауа мен судың құрамы тексеріліп жатыр.