Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2021

13 белсендінің соты: Айыпталушылардың прокурорды істен шеттету туралы өтініші орындалмады

0
Алматыда өтіп жатқан 13 белсендінің сотында айыпталушылар прокурорды істен шеттетуді сұрады. Судья өтінішті орындамады. 


Жергілікті құқық қорғаушылар "саяси іс" деп атаған процесте айыпталушылардың прокурорды ауыстыру туралы өтініш беруіне бір күн бұрынғы оқиға түрткі болған. Кеше, 22 қыркүйек күнгі отырыста прокурор “Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) және "Көше партиясы" қозғалысын "экстремистік ұйым" деп тану туралы сот шешімін іске тіркеуді бірнеше рет талап еткен айыпталушыларға прокурор "бұлтартпау шарасын өзгертуге талап-тілек түсіремін" деп ескерткен. Прокурор оларды "істі әдейі созуға тырысып отыр" деп те айыптаған еді. Бұған айыпталушылар наразы болған. 


23 қыркүйекте судья Ернар Қасымбеков істі қарауды сотқа қатысушыларға "сөзін бөлмеуді" ескертумен бастады. Іс құжаттарын оқи бастағанда айыпталушы Гүлзипа Жаукерова өтініші барын айтты.


- Прокурор өткен сот отырысында өз құқығымды қорғау мақсатында “Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) және "Көше партиясы" қозғалысын "экстремистік ұйым" деп тану туралы Есіл аудандық сотының шешімін іске тіркеуді талап еткенім үшін бұлтартпау шарасын өзгертемін деп қысым жасады. Сондықтан прокурорға қарсылық білдіремін, - деді Жаукерова.


Жаукерованың сөзін бірнеше айыпталушы мен адвокат қолдады.


Бірақ судья Қасымбеков кеңесу бөлмесінен шыққан соң Жаукерованың талап-тілегін қанағаттандырмады. Ол өз шешімін "прокурор айыпталушылардың бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш білдірген жоқ, тек ескертті" деп түсіндірді.


Соңғы бірнеше сот отырысында айыпталушылар жаппай “Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) және "Көше партиясы" қозғалысын "экстремистік ұйым" деп тану туралы сот шешімін іске тіркеуді соттан талап еткен. Дәл осы сот шешімдерге байланысты белсенділердің әрекеті заңсыз деп танылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр. 




Бірақ судья айыпталушылардың өтінішін орындамаған. Іске қатысып отырған екі прокурор да "бұл шешім туралы БАҚ-та хабарлама тарағанын" айтумен шектелген.


Ал белсенділер "сот шешімі жоқ болса, іс қысқаруы тиіс" деп кейбірі сот отырысына қатысудан да бас тартқан. Сот істі қарауды тоқтатуға мәжбүр болған.


13 белсендінің соты 27 шілдеде басталған. Айыпталушылардың тоғызы "тыйым салынған ұйымның ісін ұйымдастырды және ісіне араласты", төртеуі "тыйым салынған ұйымның ісіне араласты" деген күдікке ілінген.


13 белсендінің барлығы - қоғамдық-саяси мәселелерге байланысты пікір-көзқарасын ашық айтып, акция-митингілерге қатысып жүрген азаматтар.


2020 жылы Нұр-Сұлтанның Есіл аудандық соты "Көше партиясын" "экстремистік" деп танып, оның қызметіне тыйым салған. Екі жыл бұрын ҚДТ жұмысына да осындай себеппен шектеу қойған еді. Еуропарламент бұл екі ұйымды "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атайды.


Екі ұйым Қазақстандағы авторитарлық басқаруды тоқтатуды және парламенттік басқару жүйесіне көшуді талап етеді.


"Көше партиясы" мен ҚДТ-ға тыйым салу туралы сот шешімдері жарияланған жоқ.


Биыл шілде айында халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Нұр-Сұлтанды белсенділерді қудаламауға және саяси оппозициялық қозғалыстарды "экстремизм" үшін айыптамай, еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге шақырған еді.




 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Рафаэль Надаль

Надаль заявил, что не понимает ажиотажа вокруг одного из памятных матчей с Федерером






США ОКАЗАЛИСЬ В СОСТАВЕ РОССИИ, ПРОГРАММНО? ВСТРОЙКА ЦРУ ЛИБО СПЕЦ ОПЕРАЦИЯ РОССИИ? Россия, США, Европа могут улучшить отношения и здоровье общества?! Новости. В.В. Путин, Дональд Трамп.

Роспотребнадзор расследует отравление людей пирожками с ртутью в Москве

Пользователи пожаловались на сбои в работе Telegram

Пшеница дорожает на рисках сокращения экспорта из ...