Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2021

Алматы бассейніндегі улану: дәрігерлер балалардың жағдайын айтты

0

Балалардың жедел медициналық жәрдем орталығы Алматыдағы бассейндердің бірінде уланып қалған балалардың жағдайы туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аурухана бас дәрігері орынбасарының айтуынша, балалардың жағдайы жақсы.

"Таңғы сағат 10:30-да жедел жәрдем бригадасымен 11 бала жеткізілді. Оларды дәрігерлер қарап шығып, хлормен уланған деген диагноз қойды. Осыдан кейін детоксикация терапиясы басталды. Қазіргі уақытта балалар өздерін жақсы сезінеді, жағдайлары орташа", - деді бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Алуа Жексенова.

Бас дәрігер орынбасарының айтуынша, балалар токсикология бөлімінде жатыр. Аурухана балалардың бір-екі күн ішінде шығарылуы мүмкін деді.

Еске салайық, Алматыдағы бассейндердің бірінде синхронды жүзу командасындағы 12-14 жастағы 11 қызы уланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса