Алынған кек
(Бір актылы пьеса)
ҚАТЫНАСУШЫЛАР
Наталия — 35-40 жаста, командирдің әйелі.
К ү л ж а н — 14-15 жаста, қызы.
Н ұ р л а н — 35-40 жаста, командир.
Б а с т ы қ — 35-40 жаста (неміс штабының бастығы) және басқалар.
БIРIНШI АКТ
Апақ-сапақ уақыт. Аудан орталығы болған колхоз деревнясы. Мылтық даусы естіліп тұрады. Наталия өз үйінде ауырып жатыр. Күлжан қасында отыр.
К ү л ж а н. Мама, папам неге қайтқан?
Наталия. Қайтқан жоқ, жаудың ішіне енгелі жүр. Папаң енді партизандардың командирі, қарағым, біліп қой! Олай - пұлай күн туса мамаң да кете алмас...
К ү...