Палеогеографияның жіктелуі
Палеогеографияның жіктелуі геологиялық кезеңдердегі физикалық-географиялық жағдайлардың түрлі бағыттарын зерттеу әдіс-тәсілдеріне қарай ғылымының мынадай басты бағыттарын ажыратуға болады:
Палеоэкологиялық бағыт — жер қыртысында шөгінді жыныстардың жинақталу ерекшеліктері мен олардың құрамында сақталып қалған органикалық дүние қалдықтарына талдау жасай отырып, ежелгі геологиялық кезеңдердегі өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасы туралы; ежелгі мұхит айдындары және олардың бөліктері арасындағы байланыстар туралы; сол кезеңдегі климаттық жағдайдың, су алаптарының тұздылық дәрежесінің индикаторы болып саналатын тірі организмдер туралы деректер жинақтайды. Бұл бағытта жұмыс жасаған ғалымдар арасынан орыс ғалымы Р.Ф. Геккерді атап өтуге болады.
Палеобиогеографиялық бағыт — әрбір геологиялық эралар мен жекелеген кезеңдердегі зоогеографиялық және флоралық провинциялар мен облыстардың таралу...