Марат Бисенғалиев
Марат Сәметұлы Бисенғалиев — скрипкашы. 1962 ж. Алматы қаласында туған.
Мараттың әкесі Сәмет Бисенғалиевтің ата тегі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданын мекендеген. Ол институтта жоғары білім алған соң Қырғызстанның Жалалабад облысының қаржы бөлімін басқарды. Кейін отбасы Алматыға коныс аударғасын Сәмет Бисенғалиев қаладағы Калинин ауданының қаржы бөлімінің төрағасы қызметінде болды.
Мараттың анасы — Арухан көршілес Астрахань облысынан, мамандығы — мұғалім. Сәмет пен Аруханның ұрпақтары — Ғалия, Райхан, Батима, Ғанимат, Сағадат. Олардың кенжесі — Мараттың Алматыда 1962 жылы 13 наурыз күні кіндігі кесілді. Егер де оның анасы Маратты Алматыға қонаққа келгенінде босанбаса, жолшыбай туып қалар еді. Сәмет Бисенғалиев домбыра аспабында тамаша ойнайтын....