Диуана мен бикеш
Ілияс Есенберлин
— Қашайық! Қашайық! — Айжанардың алдында топтанып келе жатқан балалар кенет шу етіп, тапырақтап жүгіре жөнелді. Ештеңенің байыбына бармаса да, Айжанар олармен қосамжарланып жүгірді. Қарсы алдындағы арыққа көлденең қойылған кішкентай көпірді байқамай, арғы бетке біз өкше туфлимен бірақ ырғыды. Өкшесі құрғыры бұлт етіп, шоңқайып отыра кетті.
— Аяғым! Аяғым! — деп дауыстады мұғалима.
— Ұстаз, диуана сізге қарап тұр.
— Енді сізді қалай құтқарамыз? — деп балалар үрпиісіп қалды. Аяғын басып жүруге тырысқан Айжанар шалқалақтап құлай бергенде, бір әлуетті қол ұстап қалды. Жиналған оқушылары азан-қазан. Араларында шыңғырып жіберген қыздар да бар. Айжанар...