Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2021

Кері байланыс: Тұрғынның сауалына тікелей басшы жауап берді

0

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап – түрғындардың тілегін ескеру, шешілу жолдарына ықпал ету. Бұл орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі басшыларға «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырамдамасын ілгерілету, азаматтардың сауалына жедел әрі нақты жауап беру, өтініштерін қанағаттандыру керектігін міндеттеген болатын. Аудан әкімі Сәкен Арубаевта аппараттық кеңесте әлеуметтік желіге, газет беттеріне түскен мәселелерге ерекше назар аударуды, көтерілген сауалға қатысы бар басшылардың тікелей жауап беруі қажеттігін тапсырған.

Жуырда ғана ауданның бас басылымының №72 санында Шайдана ауылының тұрғыны Амангелді Қоңырбаев газ тарту жұмыстары салдарынан қираған ауыз су ұңғымаларын қалпына келтіріп берсе деген тілегін білдірген екен. Әрине, орынды – ұсыныс. Күнделікті жұмыстарға зерделеу жүргізгенімізбен кемшіліктерді байқамай қаламыз. Осындайда ауыл азаматтарының елді мекенде атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударып, жұмыстағы олқылықтарды жергілікті билік өкілдеріне жеткізу – құптарлық іс.

Жалпы биыл өңірде 5 ауылға газ, 2 ауылға ауыз су тартылып жатыр. Шайдана елді мекеніне мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 86 млн 960 мың теңге қаралып, құрылыс жұмыстарын «ТАРАЗСТРОЙ-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бүгінде жұмыстар 90 пайызға аяқталды десек болады. Сіздің өтінішіңізді компания өкіліне хабарлап, кемшіліктерді реттеуді тапсырдық. Жуық күндері мердігер дәйекті дәлел көрсететін болады. Ал көшеге асфальт төсеу, жарықтандыру газ тарту жұмыстары толығымен аяқталғаннан кейін қолға алынатын болады.Назарыңызға рақмет!

 

Елдос КЕҢЕСБЕКОВ

Жамбыл ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Сообщение Кері байланыс: Тұрғынның сауалына тікелей басшы жауап берді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Новак Джокович

Серб Новак Джокович поздравил россиянина Даниила Медведева с днем рождения






Юным москвичам предоставят доступ к редким материалам Главархива

Европейская задачка со звездочкой: заполнить ...

Реализация программы «Светлый город» продолжится в Шатуре в 2025 году

Агент Олега Меньшикова назвал полной чушью сообщения об онкологии у артиста