Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2021

Нұр-Сұлтан полициясы Шыңжаңдағы туыстарын босатуды талап етіп жүргендерді ұстады

0
Нұр-Сұлтандағы Қытай елшілігі алдында жиналып, Шыңжаңдағы туыстарын қайтаруды талап етіп жүрген он шақты адамды 23 қыркүйек кешкісін полиция ұстап әкетті. Бұл туралы белсенді, Шыңжаңда бауыры қалған Байболат Күнболатұлы Facebook парақшасындағы тікелей эфирде айтты. Күнболатұлы желіге тікелей эфирге шығып тұрғанда полицей келіп ұстап әкетті.


Ол бір минуттық видеосында "апаларымыздың бәрін ұстап әкетіп жатыр, барлығын ұстап әкетті, қайда әкеткені белгісіз" дейді. Видеода елшілік алдынан кетіп бара жатқан бірнеше автозак пен полиция көлігі байқалады. 


Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері Азаттыққа бұл ұстау жайлы білмейтінін, кейін анықтайтынын айтты.


Қытай Шыңжаңдағы туыстарымызды Қазақстанға жібермей отыр деген он шақты адам осы аптаның басынан бері Қытайдың Нұр-Сұлтандағы елшілігіне келіп, елші Чжан Сяоның шығуын талап етіп жүр. Олар 22 қыркүйекте елшілік алдында ұзақ тұрып, кешкісін "күн суық болғандықтан" тараған. Наразылық танытып жүргендердің басым бөлігі - зейнет жасындағы әйелдер. 


Бүгін, 23 қыркүйекте олар Нұр-Сұлтандағы БҰҰ өкілдігіне барып, ұйымның бас хатшысы Антонио Гутьерестің атына хат тапсырды. Осы шара кезінде қалалық прокуратура өкілі келіп, оларға "бұл шараларының заңсыз екенін" айтып тарауды талап етті (Қазақстанда бейбіт митинг өткізу үшін билікке ескертіп, рұқсат алу керек). Кейін наразылар Қытай елшілігіне барды.


Шыңжаңдағы туыстарын қайтаруды талап етіп жүргендер наразылық акцияларын Алматы қаласында бастаған. Олар 200 күн бойы Алматыдағы Қытай консулдығына барып, Пекиннен Шыңжаңдағы туыстарын Қазақстанға жіберуді талап еткен. Наразылар кей күндері консулдық алдында түнеген еді.




Осы шара кезінде полиция оларды бірнеше рет ұстап, айыппұлмен жазалаған еді. Байболат Күнболатұлы бірнеше рет 10-15 күнге әкімшілік қамауға алынған.


Алматыдағы Қытай консулдығы алдындағы акция кезінде наразыларға консулдықтан ешкім шықпаған еді.


БҰҰ есебінше, Қытай Шыңжаңда лагерьлер ашып миллионға жуық ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарды жазықсыз қамаған. Батыс елдері Пекиннің Шыңжаңдағы әрекетін "геноцид" деп сипаттайды. Қытай билігі бұл айыптарды жоққа шығарып келеді.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Анна Калинская

Теннисистка Калинская снялась с матча и покинула Australian Open — 2025






Самолет рейса Москва-Новосибирск экстренно вернулся из-за угрозы взрыва

США вводят санкции против 16 лиц и ключевых российских компаний

Требования растут: жители Самары хотят, чтобы МРОТ достиг 51 400 рублей

Стримерша Коря отметила 28 лет: «Др прошел #######, выживших нет ???? Значит, он удался ????»