Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2024

Астанада мүгедек баласының құқығын талап еткен жалғызбасты ананың ұсталғаны хабарланды

0
Жаңаөзеннен әлеуметтік талаппен келіп жүрген екі мүгедек баласы бар Алмагүл Жаппасованы 22 қарашада Астанада президент әкімшілігінің азаматтарды қабылдайтын подъезінен полиция алып кетіп, 10 тәулікке қамады. Бұл жөнінде Азаттыққа ақтаулық Маусымжан Саматова хабарлады.


Оның сөзінше, Жаппасованың қамалғанын оған ақылы пәтерде қалған екі мүгедек баласы айтқан.



– Оның мүгедек екі баласы пәтерде өздерімен-өзі қалған. Түні бойы тамақтарын пісіріп беріп, олардың қасында болдым. Олар еркін қозғала алмайды. Мен өзім Маңғыстаудан келген жерлесі едім. Астанада өз шаруаммен жүрмін. Кеше пәтердің иесі келіп ақшасын сұрады. Мен “аналарын полиция ұстап әкетіпті, ақшасын төлейміз, кішкене тұра тұрыңыз” дедік. Суық күнде балалар далада қалайын деп тұр. Баланың не памперсі жоқ, тамақтары да жоқ, пәтердің ақшасын төлеу керек. Қазір біз прокуратурадамыз. Қазір мына жаққа жүгіремін бе, ана жаққа жүгіремін бе, білмей тұрмын, – дейді Маусымжан Саматова.



Астана полициясы әзірге жауап бермеді. 


Жаңаөзен тұрғыны Алмагүл Жаппасова бірнеше жылдан бері сал ауруына шалдыққан өздігінен жүре алмайтын 1992 жылы туған ұлының құқығын талап етумен келеді. Бұған дейін ол жергілікті билік тарабынан қудалауға ұшырағанын да айтқан. Билік мұны жоққа шығарған.




 



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Australian Open

Янчук назвал фаворита Открытого чемпионата Австралии по теннису






Источник 360.ru: будка охранника загорелась в Москве, один человек погиб

Россия очень зависима от боеприпасов из Северной Кореи, - ЦПД

Путин поздравил президента и премьер-министра Индии с Днем республики

Путин заявил о намерении усилить сотрудничество с Индией