Каталониялық “Барселона“ 41 жылдан кейін тарихи рекорд орнатты
Бұл жеңіс "Барселона" үшін тарихи мәнге ие болды. Каталониялық клуб өз алаңындағы 19 матчтің 19-ында да жеңіске жетіп, бірегей рекорд орнатты.
Бұған дейінгі өз алаңындағы жеңістер бойынша рекорд мадридтік "Реалға" тиесілі еді. Олар 1985/86 жылғы маусымда 17 рет жеңіске жеткен болатын.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FC Barcelona (@fcbarcelona) жариялаған жазба
Сондай-ақ бұл ойын "Барселонаның" атақты форварды Роберт Левандовскийдің қоштасу матчі ретінде есте қалды. Ойыннан кейін команда польшалық шабуылшыға құрмет көрсетіп, оны аспанға көтерді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FC Barcelona (@fcbarcelona) жариялаған жазба
Сонымен қатар алаңға Левандовскийдің жары Анна мен қыздары Клара және Лаура шықты. Шабуылшы сезімін тыя алмай, жарының құшағында көзіне жас алды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FC Barcelona (@fcbarcelona) жариялаған жазба
Еске сала кетейік, Роберт Левандовский "Барселонаға" 2022 жылдың жазында ауысып келген болатын. Осы уақыт ішінде 37 жастағы польшалық шабуылшы барлық турнирде 191 матч өткізіп, 119 гол соқты және 24 нәтижелі пас берді. Каталониялық клуб сапында ол үш мәрте Испания чемпионы атанып, үш рет Испания Суперкубогын және бір рет ел Кубогын жеңіп алды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FC Barcelona (@fcbarcelona) жариялаған жазба
