Алматыда 25 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
19 мамыр күні сағат 14:30 шамасында Ерзат Шалқарұлы Егізбай Райымбек даңғылының бойындағы (147Б үй маңында) құрылыс нысанынан шығып кеткен, содан бері оның қайда екені белгісіз.
Жігіттің жанында ұялы телефоны болған, ол соңғы рет Алматы облысының аумағында - Еңбекшіқазақ ауданында (Есік саяжайлары, "Көксай" СТ) қосылған.
Жоғалған жігіттің ағасының айтуынша, Ерзат бұған дейін үйінен ескертусіз кетіп көрмеген, мамандандырылған медициналық есепте тұрмайды, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған және бес уақыт намазын қаза қылмайды.
Ерзат Егізбайдың белгілері: бойы - шамамен 165–170 сантиметр, дене бітімі орташа. Айрықша белгілері жоқ.
Үстіне қоңыр жемпір, қоңыр кеудеше, қара шалбар, қара кроссовка және қара кепке киген.
Қазіргі уақытта криминалдық полиция Құқық қорғау және арнайы органдардың ақпарат алмасу жүйесі (ҚР ҚҚАОАЖ) базасы бойынша деректерді тексерген. Ерзат Егізбайдың Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өтпегені, қалалық ХҚКО-ларға жүгінбегені және Жазатайым оқиғаларды тіркеу бюросының есебінде жоқ екені анықталған. Алматының медициналық мекемелерін, жедел жәрдем қызметтері мен мәйітханаларын жедел тексеру де әзірге ешқандай нәтиже берген жоқ.
Қазіргі уақытта полиция кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Іздеу жұмыстарына Алматы қалалық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Жергілікті жерді тінтуге және бағдарларды таратуға "Қоғам" және "Лидер KZ" еріктілер ұйымдарының мүшелері тартылған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы қаласы және Алматы облысының "LIDER.KZ" еріктілерінің жарияланымы (@volontery_lider.kz_almobl)
Байланыс мәліметтері: егер сізде Ерзат Егізбайдың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласуыңызды немесе жоғалған жігіттің ағасына +7 777 021 66 60 (Азамат) телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
