Президенттер Мирзиёев, Жапаров және Рахмон Астанаға ұшып келеді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорда ақпаратынша, Астанада 29 шілде – 9 тамыз аралығында өтетін сайыста 34 елден 800 спортшы бақ сынайды.
Іс-шараның ашылу салтанатына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
