Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алматыдағы тектоникалық жарықтарда ғимараттар қалай салынуы керек?

0

Құрылыс саласының мамандары көпқабатты үйлерді салған кезде сейсмикалық оқшаулау технологиясын қолдануды ұсынып отыр. Бұл технология жер сілкінісі кезінде ғимаратқа түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс қазір қайда қолданылып жүр және оның тиімділігі қандай?
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде (ӨКҚ) өткен брифингте Қазақстан құрылысшылар одағы Алматы бойынша филиалының директоры Тимур Нұртаев айтты. Ол ел аумағының шамамен 40 пайызы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқанын, әр өңірдің өзіндік сейсмикалық балдық көрсеткіштері бар екенін еске салды. Алматы тоғыз-он балдық дүмпулерге бейім аймаққа жатады.
Жаңа талаптарға сәйкес, әлеуметтік нысандар - мектептер, балабақшалар мен емханалар құрылысында сейсмикалық оқшаулағыштар қолданылуы тиіс.
Анықтама: Сейсмикалық оқшаулағыш - бұл іргетас пен ғимарат арасына орнатылатын арнайы құрылғы. Ол жер сілкінісінің құрылымға әсерін бәсеңдетуге көмектеседі.
Тимур Нұртаев мұндай технология ғимараттарға түсетін сейсмикалық салмақты тоғыз балдан төрт-бес балға дейін төмендетуге септігін тигізетінін түсіндірді. Бұл нысан қирамай, берік тұруын қамтамасыз етеді.

"Меніңше, бұл норманы қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға ғана емес, жеке секторға да тарату керек. Осылайша, адамдар тұратын үйлерде заманауи технологиялар қолданылуы тиіс. Пәтер сатып алғанда, ғимараттың жойқын жер сілкінісіне төтеп беретініне сенімді болу маңызды. Бұл сатылымға да оң әсер етеді деп ойлаймын. Көпшілік қауіпсіздік үшін қосымша ақы төлеуге дайын болар еді. Оның үстіне, сейсмикалық оқшаулағыштарды қолданған жағдайда, арматураны азырақ пайдалануға болады", - деді спикер.

Ол қала сейсмикалық белсенді аймақта орналасса да, үйлерді кез келген жерге салуға болатынын айтты. Ең бастысы - жұмысты дұрыс жүргізіп, нысанның іргетасы мен қаңқасын жобалау кезінде барлық жайтты ескеру қажет.

"Мысалы, тектоникалық жарықтардың үстіне құрылыс салу үшін сіз арнайы техникалық шарттар алуыңыз керек. Онда ҚазҚСҒЗИ (Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты - ред. еск.) ғимарат қаңқасына қосымша талаптар белгілейді. Сейсмикалық жүктеме кезінде ғимарат шыдас беруі үшін анағұрлым қуатты іргетас пен қаңқа орнатып, арматураны көбірек салып, бетонның жоғары маркасын қолдану қажет болады. Әйтпесе, бізде тектоникалық жарықтардың үстіне мүлдем салуға болмайды деген пікір қалыптасқан", - деді Тимур Нұртаев.

Оның есебінше, Алматыда 12 тектоникалық жарық бар. Оның 10-ы "ұйқыдағы", тек екеуі белсенді. Олардың бірі қаланың жоғарғы бөлігінде, екіншісі төменгі бөлігінде орналасқан.
Сондай-ақ спикер тұрғын үйді сақтандыру мәселесіне де тоқталды. Оның пайымдауынша, елдегі кез келген тұрғын жылжымайтын мүлікті сақтандыру қажет. Кез келген тұрғынның полис алуға мүмкіндігі жететіндей, ал компания табиғи апат болған жағдайда өтемақы төлей алатындай сауатты жүйе әзірлеу маңызды.
Тағы оқыңыз:
Қазақстандықтар баспананы сақтандыру үшін жарна төлеуге міндеттеледі: жаңа заң




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса