Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Қарсы бағытқа шығып кеткен“: Талдықорған маңындағы тасжолда жүргізуші қаза тапты

0

Жетісу облысындағы Талдықорған – Үштөбе тасжолында адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болды. Жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген кадрлар пайда болды. Жазба авторының айтуынша, қаза тапқан жеңіл көлік жүргізушісі шамамен 20 жаста болған.
Полиция не деді?
Жетісу облысының полиция департаменті адам өлімімен аяқталған апат дерегін растап, тергеу басталғанын хабарлады.

"Полиция Талдықорған – Үштөбе автожолының 20-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады", – деп хабарлады ПД.

Әлеуметтік желіден алынған кадрлар
Алдын ала мәлімет бойынша, Changan CS35 жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Shacman жүк көлігімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", – деп нақтылады полиция.

Әлеуметтік желіден алынған кадрлар
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жылдамдықты асырмауға және қауіпті маневрлер жасамауға шақырды.
Бұған дейін, 17 қазанда Жетісу облысында Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы КамАЗ-бен соқтығысқан болатын. Апат Алматы – Өскемен тасжолында, Арқарлы асуына жақын маңда болған. Екі адам қаза тауып, тағы он адам ауруханаға түсті.


Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса