Ақмола облысында 3,5 мыңға жауық мұғалім жаңа бағдарлама бойынша біліктіліктерін арттырды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 3 416 мұғалім білім берудің жаңа бағдарламасы бойынша жұмыс істеу үшін біліктіліктерін арттырды. Бұл туралы бүгін Көкшетауда өткен ұстаздардың тамыз конференциясында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Валерий Гамазов өз баяндамасында атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
