Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Август
2015

Новости за 13.08.2015

Алматы облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай акция басталды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінде облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаевтың төрағалығымен баспасөз мәслихаты өткізілді. Онда жастардың тәрибесіне бағытталған «Шаңырақ - мәңгілік елдің тұғыры» атты ұзақ мерзімдік акцияның басталғаны айтылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Журналистер арасында қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастар туралы ең үздік туындыларға байқау жарияланды

Казинформ 

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі РФ Журналистер одағымен бірлесе отырып ҚР және РФ журналистері арасында қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастарды тереңдету және еуразиялық интеграция тақырыбындағы ең үздік жарияланымға байқау жариялады. 

Сенатор Ж.Ерғалиев: Еліміздің ДСҰ-ға кіруі қазақстандықтар үшін зор мүмкіндіктер ашады

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Еліміздің ДСҰ-ға мүшелікке өтуі қазақстандықтар үшін зор мүмкіндіктер ашады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ж.Ерғалиев өзінің пікірін білдіріп отыр.

Астанада тұрғындар арасында терроризм мен діни экстремизмді насихаттаған үш күдікті ұсталды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тұрғындар арасында терроризм және діни экстремизм идеяларын насихаттаған үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.

Барлық уақыттағы ең үздік әншілердің есімдері аталды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық The Telegraph басылымы қазіргі заманғы ең үздік поп-әншілер рейтингісін жасады. Мұнда тізімде Мадонна көш бастады, журналистердің пікірінше, оны «поп индустриясындағы реформатор және новатор деуге болмас, бірақ оның өнерін ешкім қайталай алмайды». 

Астанада Спорт күніне орай түрлі бұқаралық шаралар өтеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш күн бойы Астана қаласында Спорт күнін атап өту аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі бұқаралық спорт түрлерінен жарыстар мен қызықты эстафеталар, шеберлік сағаттары өткізіледі, деп хабарлайды astana.kz.



Петропавлдағы Абылай хан резиденциясын жөндеуге 15 млн. теңге жұмсалды (ФОТО)

Казинформ 

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда жөнделген «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені келушілерге есігін ашты.  Мұражайды жаңартуға облыстық бюджеттен 15 млн. теңге жұмсалды.

Қытайдағы жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны 50 адамға жетті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тяньцзинь қаласындағы қауіпті заттар болған қоймадағы жарылыс салдарынан мерт болған және жапа шеккендердің саны артуда: қазір 50 адамның қаза тапқаны және 701 адамның жарақаттанғаны (олардың 71-нің жағдайы ауыр), тағы 21 із-түзсіз жоғалды деп есептелетіні белгілі.

Қырғызстан тұрғындарының саны1 шілдеде 5 млн 955 мың адамды құрады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан Республикасының тұрғындарының саны 2015 жылдың 1 шілдесінде 5 млн 955 мың адамды құрады.  Яғни, 2015 жылғы қаңтар-маусым айларындағы көрсеткіштен 59,4 мың адамға, немесе 1% артық. 

Өскемен тұрғыны өз еркімен полицияға 2 кг героин тапсырған

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде әйел адам өз еркімен полицияға шамамен 2 кг героин тапсырған. Ол тәртіп сақшыларына есірткі заты колонияда жазасын өтеп жатқан азаматтық некедегі күйеуіне тиесілі екенін айтқан, деп хабарлады YK-news.kz.

Павлодарлықтар ҚазАқпараттың облыстың әлеуметтік-экономикалық өмірі туралы белсенді ақпарат тарататынына разы - Қ.Бозымбаев

Казинформ 

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі  Қанат Бозымбаев барша павлодарлықтардың атынан «ҚазАқпарат» ХАА 95 жылдық мерейтойымен құттықтай отыра, агенттік ұжымына аймақтың әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігінен хабардар етіп жүргендері үшін ризашылығын білдірді. 

Камбоджа ЕАЭО елдерімен еркін сауда аймағын құруға мүдделі

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің Арнайы өкілі, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов Камбоджа Корольдігінде болды және елдің Сыртқы істер министрлігінің және халықаралық ынтымақтастығының Мемлекеттік хатшысы Оуч Боритхомен кездесті.


Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса