Қазақстанда қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Шараға 37 жылы әкесінен айырылған тұрғындар келді
Жексенбі, 31 мамырда Алматы облысы Жаңалық ауылының маңында орналасқан қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің алдына жиналған жұрт марқұмдарға арнап құран бағыштады. 1937-1938 жылдары сталиндік репрессияға ұшырап, жазықтан-жазықсыз атылғандарды еске алу мемориалына ондаған адам келді. Олардың арасында қуғын-сүргін құрбандарының балалары мен ұрпақтары да бар. Ағайынды Асылхан Омарқұлов пен Асубек Арзымбет әкесі ұсталған 1937 жылы 9 және 7 жасар бала болғанын айтады. - Бір үйде бес бала болатынбыз. Читать дальше...