Алматыда ПТР тест жасайтын қосымша екі зертхана ашылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мегаполисте коронавирусты анықтайтын ПТР-тестілеудің тағы екі жекеменшік зертханасы ашылады. Оның бірі ертеңнен бастап жұмысқа кіріседі. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.