Қарағанды зауытының жұмысшылары сот шешіміне қарсы шықты
7 қыркүйекте Қарағанды маңындағы "KAZ Феррит" көмір байыту фабрикасының жүз шақты жұмысшысы кәсіпорын аумағында наразылық шарасын өткізді. Олар өндіріс цехының бір бөлігін жеке компанияға беру туралы сот шешіміне қарсы. Жұмысшылар онда фабриканың конвейері орналасқан дейді. Наразылардың қолында "Жұмысымызды тартып алмаңыздар!", "Жейтін нанымыздан айырыламыз ба?", "Фабриканың тоқтауына жол бермейміз!" деген жазуы бар плакаттар болды. - Біз жұмыссыз қаламыз ба деп қорқамыз. Фабриканы жауып тастай ма дейміз. Читать дальше...