Таулы Қарабақта соғыс аяқталды
Армения премьер-министрі Никол Пашинян 10 қарашаға қараған түні Әзербайжан, Ресей, Арменияның Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату жөнінде үшжақты келісімге келгенін хабарлады. Бұл туралы Пашинян Фейсбук парағына жазды. "Құрметті отандастар, бауырларым мен әпке-қарындастарым! Өзіме де, бәрімізге де ауыр тиетін шешімге келдім. Ресей және Әзербайжан президенттерімен Қарабақтағы соғысты тоқтату жөнінде мәлімдемеге қол қойдым. ... Өзімізді жеңілдік деп есептемейміз әрі бұл біздің ұлт ретінде бірігуіміздің және қайта өрлеуіміздің басы болуы керек. Читать дальше...