Түркияда ауруханадан өрт шығып, 10 адам мерт болды
ГАЗИАНТЕП. Анадолы-ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстігінде орналасқан Газиантеп қаласында ауруханадағы оттегі аппараты істен шығып, оның соңы өртке ұласқан. Салдарынан 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.