Қарағанды облысында көктемгі су тасу кезеңіне дайындық басталды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар ауылдарды аралау басталды. Мамандар өзендердің жоғарғы ағысындағы топырақтың қату тереңдігін өлшейді. Қауіпті учаскелерді космомониторинг көмегімен анықтайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.