Елімізде 10 айда 33 мың тұрғын үй пайдалануға берілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың басынан бері тұрғын үй құрылысына елімізде шамамен 1,9 млрд теңге жұмсалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.