Күйеуі Қытай түрмесінде отырған Бикамал Кәкенқызының күресі
Алматы маңындағы Ұзынағаш ауылында тұратын Бикамал Кәкенқызының тұрақты жұмысы да, баспанасы да жоқ. 2016 жылы Шыңжаңнан атамекенге көшіп келген әйел жеті және бес жасар екі қызын жалғыз өзі бағып отыр. Кейінгі он бес ай бойы Бикамал Қытайдың Алматыдағы консулдығына күнделікті дерлік барып, осыдан бес жыл бұрын Қытайға барғанда ұсталып, кейін түрмеге қамалған жұбайын босатуды талап етіп күресіп жүр.