Коронавирус: Франция мен Нидерландыға вакцинаның алғашқы партиясы жетті
ПАРИЖ. ҚазАқпарат – «Pfizer» америкалық фармацевтика компаниясы және «BioNTech» немістің серіктес компаниясы бірлесіп әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозалары сенбі күні Франция мен Нидерландыға жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.