Мемлекет басшысы: Алдағы жылдан бастап коронавирусқа қарсы тегін вакцина егуді бастаймыз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы жылдан бастап коронавирусқа қарсы тегін вакцина егуді бастаймыз. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жаңа 2021 жылмен құттықтауы кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.