Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Полиция түнде рейд жүргізді: жүздеген ата-ана жазаланды

0

Астана, Шымкент қалалары мен Абай облысында полиция нысаналы жедел алдын алу шараларын жүргізді. Іс-шара барысында түнде балаларының қайда жүргенін бақылаусыз қалдырған 480-нен астам ата-ана жауапқа тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Рейдтік шаралар 7-8 тамыз аралығында өтті. Оның басты мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және балаларға қарсы жасалатын қылмыстарды болдырмау.
Полицейлер түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген жасөспірімдерді анықтауға ерекше көңіл бөлді. Мұндай тексерістер балаларға қатысты болуы мүмкін құқық бұзушылықтардың дер кезінде алдын алуға бағытталған.
Сонымен қатар полиция кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сатуға тыйым салу талаптарының сақталуын тексерді. Тиісті заңнаманы бұзғаны үшін 28 кәсіпкер жауапқа тартылды.
Ішкі істер министрлігі бұл жұмыстар ерте алдын алу аясында жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Мәселені дер кезінде анықтап, онымен атаулы жұмыс істеу маңызды. Осылайша біз құқық бұзушылықтың алдын алып, баланың амандығын сақтай аламыз", - деп хабарлады полиция.

Ведомство ата-аналарға балаларының түнде қайда жүргенін, кіммен араласатынын және бос уақытын қалай өткізетінін бақылау қажеттігін ескертті.
Полиция нысаналы тексеріс шараларын жалғастырып, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша шаралар қабылдай беретінін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан ІІМ жасөспірімдерге үндеу жасап, әлеуметтік желілерде қауіпсіздік ережелерін сақтауға және өз қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін жеке мәліметтерді жарияламауға шақырды.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса