Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Август
2026

Венесуэла мұнайы АҚШ-тың стратегиялық қорларын толықтырады - Трамп

0

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла мұнайы АҚШ-тың стратегиялық резервін толықтыруға жұмсалатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол The Truth Social желісінде жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Дональд Трамптың айтуынша, алдыңғы президент Джо Байденнің тұсында резервтер іс жүзінде сарқылған.

"Венесуэла мұнайына қатысты жасайтын қадамдарымның бірі - "Ұйқыдағы Джоның" (АҚШ-тың экс-президенті Байден - ред. ескертпесі) кесірінен таусылуға шақ қалған ұлттық стратегиялық резервтерді қайта толтыру", - деп жазды Трамп The Truth Social әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін БАҚ АҚШ пен Венесуэла арасындағы мұнай мәмілесінің егжей-тегжейін жариялаған болатын. Келісім бойынша АҚШ North American Blue Energy Partners жеке компаниясынан тікелей үлес алады. Бұл компания қоры шамамен 65 миллиард баррельді құрайтын (латын Америкасы елі резервтерінің бестен бір бөлігі) Венесуэланың 17 мұнай кен орнына ғасырлық иелік ету құқығына ие болады.
Бұл мәміле венесуэлалықтардың ашуын туғызып, мұнайшылар мен америкалық шенеуніктерді абдыратты. Мұнай компаниялары үшін Saudi Aramco-дан кейінгі ең ірі корпоративтік қор иесіне айналатын, мемлекет қолдауына ие құрылыммен бәсекелесу перспективасы "қорқынышты" көрінеді.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса