Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Хаттамаға менің орныма қол қойды“: Шымкент ПД полицейге қатысты даулы видеоға жауап берді

0

Әлеуметтік желілерде Шымкентте түсірілген видео тарады, оның авторы полиция қызметкері әкімшілік хаттамаға өзінің орнына қол қойғанын мәлімдеді. Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты жауап беріп, құжатта тиісті белгінің неге пайда болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен қол қойған жоқпын": жүргізуші не дейді?
Әлеуметтік желілерде бейнежазба тарады, онда видео авторы автокөлікті тоқтатқаннан кейін полиция қызметкерлері әкімшілік материалды планшетте рәсімдеп, содан кейін оның орнына өздері қол қойғанын айтады.
Видео авторының айтуынша, ол рәсімделген заң бұзушылықпен келіспеген және хаттамаға қол қоймаған.
Редакция пікір алу үшін Шымкент қалалық полиция департаментіне хабарласты.
Полиция хаттамадағы даулы жазбаға қатысты жауап берді
Шымкент ПД патрульдік полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтатып, тексеру барысында жол қозғалысы ережелерінің бұзылғанын анықтағанын хабарлады. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған
Бұл ретте ведомство полиция қызметкері жүргізушінің орнына қол қойды деген ақпаратты шындыққа жанаспайды деп атады.

"Жүргізуші анықталған заң бұзушылықпен келіспей, хаттамаға қол қоюдан бас тартты. Осыған байланысты полиция қызметкері оның келіспейтінін тіркеп, хаттамаға тиісті жазбаша белгі қойды", - деп мәлімдеді полициядағылар.

Осылайша, полиция департаментінің нұсқасы бойынша, әкімшілік материал белгіленген тәртіппен рәсімделген.
Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде Шымкент полициясының қызметкері кәмелетке толмаған балаға қысым көрсетіп, өзіне темекі сатып алуға мәжбүрлегені айтылған видео тараған болатын. Қалалық ПД қызметкерлердің іс-әрекеті фактісі бойынша қызметтік тексеру тағайындалғанын хабарлады.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса