Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Эвакуация ақылы болады: Алматы жүргізушілері қанша төлейді?

0

Алматыда автокөліктерді эвакуациялау және оларды коммуналдық арнайы тұрақтарда уақытша сақтау ақысын төлеудің бірыңғай тәртібін белгілеу ұсынылды. Тиісті шешім жобасы қалалық мәслихаттың қарауына ұсынылды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Алматы қаласы жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаевтың айтуынша, жаңа ережелер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген жағдайларда ұсталып, эвакуацияланған автокөліктерге қатысты болады.

"Бұл жерде автокөліктерді эвакуациялаудың барлық жағдайы туралы сөз болып отырмағанын түсіну маңызды. Ұсынылып отырған тәртіп көлік құралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес ұсталып, арнайы тұраққа жеткізілген жағдайда ғана қолданылады", - деп атап өтті Диханбаев.

Эвакуация құны қанша болады?
Жобада көлік құралының санатына қарамастан, эвакуациялаудың бірыңғай құнын - 3 АЕК көлемінде белгілеу ұсынылады. Бұл ретте автокөлікті уақытша сақтағаны үшін бөлек ақы алынады.
Егер иесі автокөлігін эвакуацияланған күні сағат 18:00-ге дейін арнайы тұрақтан алып кетсе, сақтау ақысы есептелмейді - бұл жағдайда көлік иесі тек эвакуациялау үшін ғана төлейді.
Фото: Almaty Parking. Эвакуациялау ақысының мөлшері
Егер автокөлік тұрақта сағат 18:00-ден кейін қалса, сақтау ақысы есептеле бастайды.
Сақтау құны қанша болады?
Жеңіл автомобильдер үшін сақтау ақысын алғашқы тәулікке 2,5 АЕК, және ал одан кейінгі әрбір тәулік үшін 5 АЕК көлемінде белгілеу ұсынылады.
Көліктің басқа санаттары үшін төлем мөлшері автомобильдің түрі мен сипаттамасына байланысты болады.
Осылайша, егер көлік иесі ұсталған автокөлікті эвакуацияланған күні белгіленген уақытқа дейін алып кетсе, сақтау ақысын төлеуден жалтара алады.
Тәртіп неге өзгеріп жатыр?
Жобада өзгерістер мәслихаттың жаңа өкілеттіктеріне байланысты екені көрсетілген. 2025 жылы Астана мен Алматы мәслихаттарына ұсталған көлік құралдарын коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдар мен тұрақтарға жеткізу және уақытша сақтау ақысының мөлшерін айқындау құқығы берілді.
Бұған дейін, 2024 жылғы 30 шілдеде Алматы мәслихаты Жол қозғалысы ережелерімен (ЖҚЕ) реттелмеген бөлігінде жол қозғалысын ұйымдастыру ережелерін бекіткен болатын. Онда, атап айтқанда, ұсталған автокөліктерді жеткізу және сақтау тәртібі айқындалған. Құнын есептеу кезінде эвакуаторларды пайдалану, арнайы тұрақтарды күтіп ұстау, тәулік бойы күзет, коммуналдық қызметтер және қажетті инфрақұрылым шығындары ескерілді.
Арнайы тұрақтарда бақылау-өткізу пункті, бейнебақылау, жарықтандыру, қоршау және тәулік бойы күзет болуы тиіс.
Шешім жобасы қараудың тиісті процедураларынан өтіп, қажетті оң қорытындыларды алды.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса