ҚР банк жүйесіндегі шетел валютасымен депозиттердің үлесі төмендеп келеді - Д.Ақышев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 4 ай ішінде қаржы нарығын долларсыздандыру бойынша тұрақты үрдіс қалыптасып отыр. Бұл жөнінде Астана экономикалық форумының жұмысы барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.
