Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Май
2016

Новости за 30.05.2016

Алматы облысында парапланерлық спорттан жарыс өтуде

Казинформ 

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Ескелді ауданында парапланерлық спорт түрінен халықаралық Азия чемпионаты басталды. Оған Қазақстанмен қатар Жапония, Үндістан, Ресей, Тайланд, Қытай және Оңтүстік Корея елдерінің спортшылары келді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Британдық бір тәулікте 12 елге барып шықты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Йоркшир графтығының тұрғыны Адам Лейтон (Adam Leyton) 24 сағатта барған елдер саны бойынша рекорд орнатты.  25 мамырда ол таңертеңгі 7-де Германиядан шығып, жолай Люксембург, Франция, Бельгия, Голландия, Дания, Швеция, Польша, Чехия, Словакия, Венгрияда болып, сапарын Австрияда аяқтады. Бұл туралы Daily mail басылымы жазады.   

Австралияда кенгуру шабуылынан екі адам жарақат алды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Австралияда Клэр шатқалын велесипедпен аралап жүрген екі әйелге кенгуру шабуылдады. 45 жастағы Шарон Генрихтің қабырғасы сынып, ішкі құрылысына зақым келген, 47 жастағы Хелен Солтердің миы шайқалған, деп жазады Australian Associated Press.

Қарағанды облысында жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерін орындамауы салдарынан келісімшарттардан айырылуы мүмкін

Казинформ 

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша келісімшарт міндеттемелерін орындай алмай жүрген жер қойнауын 20 пайдаланушы анықталды. Бұл туралы облыстық өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Төлеген Игембаев хабарлады.

Польшада «алтын пойызды» іздеу маусым айында басталады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшада қазына тасымалдап, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде із-түссіз жоғалған «алтын пойызды» іздеу жұмыстары маусым айында басталуы мүмкін. Бұл туралы Polska Times газеті жазды.

АУА РАЙЫ: 31 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 мамырда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, орталықта және шығыста бұршақ болуы ықтимал. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.



Ұлтты жою саясаты - ұрпақ санасынан өшпейтін қасірет (ФОТО)

Казинформ 

 АСТАНА. ҚазАқпарат - ХХ ғасыр басында қазақ халқы аса ауыр қасіретке толы қасаң кезеңді басынан кешірді. Ұлт басына түскен ауыр нәубетті кезеңді қазақ «ұлы жұт» деп атап кеткені де рас. Қазақ халқы санының тең жартысына жуығын жалмап кеткен осынау нәубет туралы талай шындық айтылып, талай сұмдық архивтерден аршылды. Алдымен ашаршылық қолдан ұйымдастырылып, оның соңы ұлтты тұқыртып тұқымын біржолата құрту саясатымен ұштасып, халық жаппай қуғын-сүргінге ұшырады. Осынау қазақтың басында болған қасіретке толы кезеңді ұмытпау... Читать дальше...

Әскерилерді түскі аспен қамтамасыз етуге бюджеттін 1,5 млрд теңге бөлінеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әскерилерді түскі аспен қамтамасыз етуге бюджеттін 1,5 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды.

«Астана» командасының Чемпиондар лигасындағы әлеуетті қарсыластары белгілі болды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 маусым күні футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу сынының бірінші жәнн екінші кезеңдерінің жеребесі тартылады, деп жазады Sports.kz.

Астанада «ҚАРЛАГ» архипелагы» атты заманауи өнер туындылары көрмесі ашылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық музейінде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «ҚАРЛАГ» архипелагы» атты заманауи өнер туындылары көрмесі ашылды.

Әскерилерге арналған жалға берілетін арнайы баспаналар салынады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әскерилерге арналған жалға берілетін арнайы баспаналар салынады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды.

Алматыда жыл соңына дейін 100-ден астам ШОБ нысандары ашылады

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 2016 жылдың соңына дейін сауда, қызмет көрсету, коммерциялық жылжымайтын мүлік және әлеуметтік салалардың 100-ден астам нысандары пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мысалы, таяуда Медеу ауданында «Манана» мейрамханасы ашылды. Оған жұмсалған инвестиция көлемі 700 миллиондай теңгені құрады. Ең бастысы, бұл нысанда тұрақты негізде 50 жаңа жұмыс орны ашылды.

Қазақстан мен БАӘ парламентаралық байланыстарды қалыптастырды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Біріккен Араб Әмірліктері Федералдық ұлттық Мәжілісінің Төрайымы Амаль Абдалла Әл-Кубейсимен келіссөз жүргізді.

30-шы жылдары қуғынға ұшыраған қазақ байлары жайындағы мұрағатты қорықпай жариялау керек- М.Әпсеметов

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы ҚР Ұлттық мұрағатында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінен арналған құжаттар көрмесі ашылды.

Алматыда МС Сайлаубекке қарсы оқ атылғаны жайлы ақпарат жалған болып шықты - Алматы ІІД

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда МС Сайлаубекке қарсы оқ атылғаны жайлы ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Парыз-2016» конкурсына қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 1 шілдеге дейін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына өтінімдер қабылданады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

9 жастағы қыздың өліміне себепкер Бурабайдағы медбике 1,5 жылға сотталды

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай курортында жазғы лагерге демалуға келген 9 жастағы қыздың өліміне байланысты балаларды сауықтыру орталығының медбикесі1,5 жылға сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Қостанайда нашақор жүргізуші екі адамның өліміне себепші болды

Казинформ 

АСТАНА. қазАқпарат - Жексенбі күні Қостанай қаласының орталығында есірткіге елтіген көлік жүргізушісі жолаушыларға арналған жолда екі адамды қағып өлтірді. Жедел жәрдем қызметінің оқиға орнына бірден келіп жеткеніне қарамастан, дәрігерлер олардың өміріне араша түсе алмады.

Қарағанды облысының әкімі Тәжікстанмен ынтымақтастықты дамытуды ұсынды

Казинформ 

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР-дағы Тәжікстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Ализода Назирмад Қарағанды облысына болып, аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібековпен кездесті. 

KASE күндізгі сессиясы: 1 АҚШ доллары - 336,49 теңге

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін Қазақстан қор биржасында USDKZT_TOM, EURUSD_TOM және USDKZT_0_001 құралдарымен сауда-саттық АҚШ-та 30 мамыр мереке күні (Еске алу күні) болғандықтан жүргізілген жоқ.

Қазақстанда 16 аумақтық қорғаныс басқармалары құрылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларында 16 аумақтық қорғаныс бригадасының басқармалары құрылады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды.


Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса