Ақмола облысында ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі С.Нұрмағамбетовке ескерткіш орнатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекеттік және әскери қайраткері, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
