Қостанайда нашақор жүргізуші екі адамның өліміне себепші болды
АСТАНА. қазАқпарат - Жексенбі күні Қостанай қаласының орталығында есірткіге елтіген көлік жүргізушісі жолаушыларға арналған жолда екі адамды қағып өлтірді. Жедел жәрдем қызметінің оқиға орнына бірден келіп жеткеніне қарамастан, дәрігерлер олардың өміріне араша түсе алмады.
