АУА РАЙЫ: 31 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 мамырда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, орталықта және шығыста бұршақ болуы ықтимал. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
